Created: 12 Сәуiр 2021
179

Жанат Еслямқызы

Қиындығы мен жауапкершілігі мол салаға бар саналы ғұмырын арнаған жандар қаншама? Солардың бірі Сырымбет ауылындағы ФАП-та акушер-генеколог Адилова Жанат Еслямқызы үзіліссіз бір жерде 40 жылдам астам уақыт еңбек етуде.

Баланы дүниеге әкелетін ананың денсаулығын қадағалап, оны уақытымен ауруханаға жеткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Жанат Еслямқызы ауыл өміріне де белсене қатысады. «Әжелер» ансамбілінің мүшесі, аяулы жар, асыл ана, ардақты әже.

Қазіргі пандемия кезінде Жанат Еслямқызы мен өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жүрген ақ халатты абзал жанға зор денсаулық, жүректеріңізде мейірім оты сөнбесін демекпіз.