Created: 12 April 2021
159

КӨРІСУ

Көрісу – қазақ халқының ізеттілік пен көрегенділікке, ауызбіршілік пен бауырмалдылыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі.

Бір ерекшілігі – Көрісу бір күнмен шектелмейді, ол Наурыздың 14-нен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді.

Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі, әр үйдің дастарханындағы тағамнан ауыз тиію керек.

Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамға кіріп көріседі. Сөйтіп арадағы суық қарым-қатынас жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады. 

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Жаңа жыл құтты болсын» - деп құттықтаулар айтылады.