Создано: 12 января 2021
37

Дүние – аналармен көрікті

Әмина әжеміз 1928 жылы 10 каңтарда дүниеге келген. Дүниеге екі ұл, сегіз қыз әкелді, отыз екі  немере, қырық бес шөбере  қызықтап отырған әжеміз өткен өміріндегі тарихын күні кеше болғандай-ақ айтып бере алады. Қазіргі кезде Амангелді ұлымен, Ұлболсын атты келінінің шаңырағында немерелерімен бірге бақытты ғұмыр кешуде.

Абыройлы қыз, асыл жар, ардақты ана, жан сұлулығы, кісі сүйсінерлік ізет осы жақсы қасиеттерді әжеміздің бойынан табылады.

Әжеміздің Райхан есімді қызы Екібастүз қаласында ардагерлер бірлестігінің төрайымы, Гүлден болса Көкшетау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінің қорсақтаушы, Раушан Екібастүз қаласындағы «Колосок» балабақшасының меңгерушісі, Шолпан Булаев ауданында мектеп директоры, Зейнүр Сырымбет ФАП-да медбике болып қыздары әр салада абыройлы еңбек етіп ұрпақ тәрбиелеуде.

Ақылгөй әжеміз өзін бақытты санайды, өйткені, бала, немере, шөбере сүю – ол әрине, бақыттының төрі.

Ең алдымен еліміз тыныш болсын, - дейді қария. Одан соң халқымыз, балаларым, олардан өрбіген үрім-бұтақтарым аман болсын дейді. Ақ жаулықты әжеміздің жүрегін жарып шыққан ақ батасы осындай.

Сырымбет ауылында тұратын ағайын-туысқа қадірлі, үлкен-кішіге сыйлы, ортадағы ақылшымыз, барлығымызға жанашыр аяулы да ардақты әпкеміз, сүйікті анамыз, қамқоршы әжеміз Кашенова Әмина апайымызға қаңтар айының 10-ші жұлдызында 93 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Музей атынан мәуелі бәйтеректей жапырағы жайқалып өскен ғазиз жанды Әмина әжемізге көрер қызығыңыз таусылмасын, ұрпақтарыңызбен өміріңіз жалғаса берсін дегіміз келеді.

Музей қызметкері: Құлбаева Н.Қ.