Создано: 01 февраля 2021
100

Автобиография Бекенов Болатбек

Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниеттеміз.

Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер әр адамның қасиеттері борышы – Отан үшін жанын пида қылған адамзаттарды мәңгі есте сақтап, құрметтеу.   

Бекенов Болатбек Тлембайұлы 1960 жылы 25 наурызда Егінді Ағаш ауылында туған. Балалық шағы Шолақ-Өзек ауылында өткен. Шолақ-Өзек бастауыш мектебін бітіріп, содан кейін 1977 жылы Сырымбет орта мектебінде оқыған. Класс жетекшісі Күлпан Хайролақызы болған.

Орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған соң, 1997-1979 жылдар аралығында «Қазақстан» кеңшарында механизатор болып еңбек жолын бастаған. 1979 жылдың көктемінде әскери борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.

«Бес ай бойы Отарда дайындық – жаттығу оқуын өткен соң, механик мамандығын иеленедім. Одан кейін 1 айға Семей қаласына Ауған жеріне дайындау үшін жіберіледі. Сол жылдың желтоқсан айында 19 жасында Ауғаныстанның Файзабат деген жеріндегі әскери бөліміне шақырылып, әскери борышымды өтеумен қатар ол жерде мина іздеуші сапер және санитар нұсқаушы болдым. Алғашқы кезеңде әскери бөлімге Кеңес әскерінің техникалары өтетін көпір құрылысын салу жөнінде бұйрық келеді. Жас жігіттер сол бұйрықты бұлжытпай орындау мақсатында күні-түні тыным таппай еңбек етіп, тез арада көпірді салып бітіреді. Жау дұшпандарын анықтау мақсатында бірнеше рет жорықтарға қатысқам. Әр жарық тау шатқалары арасында 7,9 немесе 11 күннен болатын. Осы жорықтарда талай рет ұрыстарға да кез болған. Ауған халықтары арасында үгіт-насихат жұмыстарына қатысып, қираған кишлак - ауылдардың бейбіт тұрғындарын Кеңес Әскерлерімен қауіпсіз жерлерге көшірдік» - деп еске алады Болатбек ағамыз.

1985 жылы  Шынарай Ерғалиқызымен шаңырақ құрып дүниеге 2 ұл, 1 қыз екелді. Айнұр Сырымбет орта мектебінде физика пәні мұғалімі, Мұрат ұлы Алматы қаласында жанұясымен қызмет атқаруда, ал Жігер болса, Астана қаласында Ұлттық Гвардия қатарында Отан алдындағы борышын атқаруда. Айша есімді сүйкімді немересі өсіп келеді.

Жауынгер – интернационалист Болатбек Бекенов Ауған соғысына қатысқан үшін, Кеңес әскерлернінің Ауған жерінен шығарылғанына «15, 20 және 25» жыл мерекелік медальдармен, «КСРО қарулы күштеріне 70 жыл», «Жауынгер - интернационалист», «Тәжік-Ауған қарасындағы қызметі үшін» медальдармен, Ауған халқынан Алғыс хатымен марапатталды. Ауған соғысы аяқталғанына 30 жыл медальмен және облыс әкімінен Құрмет грамотасымен марапатталды.

Құрметті Ауған соғысының ардагерлері! Сіздердің отты жылдардағы ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды! Келешек ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді үлгі тұтады.