Орта мектепті аяқтаған соң Щучинск қаласындағы мұғалімдер училищесін тәмәмдап, Сырымбет (Казгородок) орта мектебінде дене шыңықтыру пәнінің мұғалімі болып орналасады.
Содан бері Мереке Айтбайұлы зейнеткерлікке шыққанға дейін алтын ұя Сырымбет орта мектебінде 40 жылдан астам уақыт абыройлы қызмет атқарды.
Жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, түзу жолға бағыттап, өмір өткеліндегі көрген – білгенін айтып, ақ батасын беріп отыратын Мереке Айтбайұлы өмірден өткенімен артында оның мәнді ғұмыр жолы, биік тұлғасы, абыройлы еңбегі қалды.
Баршамызға, ағайын-туғанға, достарға, көршілерге, мейрімді, салмақты да, сабырлы көркем мінезімен есімізде мәңгі қала бермек.
Жатқан жеріңіз жайлы, мәңгілік мекеніңіз сәулетті болсын!