Сұхбаттасу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы ақпарат берілді.
Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан біздің еліміз үшін өте маңызды болып табылады.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек. Сыбайлас жемқорлықпен күрес оратақ парызымыз.